Азаматтардың назарына!

25 қараша 2019
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабының талаптарына сәйкес Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құзіретіне келесі сұрақтарды қарастыру кірмейді:
жер телімдерін бөлу бойынша қорытынды берілу;
объектінің өртке қарсы жағдайы жөнінде қорытынды берілу;
жобалық (жобалық-сметалық) құжаттарын келісілу;
құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау комиссиясына қатысу;
автоматтандырылған өрт дабылының (өрт сөндіру) жүйесінің орнатылған   құрылғыларын пайдалануға қабылдау комиссиясына қатысу.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 835 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен келесі мемлекеттік қызметтері көрсетіледі:
1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау».


Кері қайту