Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының сәлемдемесі


Сайтымыздың құрметті қонақтары!

Біз сіздермен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды
облысындағы Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз.

Біздің сайт тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарын техногенді және табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан хабардар ету мақсатында құрылған. Сондай-ақ іздестіру, құтқару іс-шаралары жайында ақпарат тарату - сайттың міндеті. Біздің сайтта «Шұғыл хабар» және «Жаңалықтар» айдарлары мен бөлімдері бар. Аталмыш бөлімдерге Қарағанды облысындағы төтенше жағдайлар мен біздің қызмет туралы ақпараттар жинақталған. Жаңалықтар ағымы күнделікті жаңартылып отырады.

Сайттағы «Тірі қалу әліппесі» атты бөлімде тұрғындардың өзін өрт жағдайында, тұрмыстық жағдайда, отпен жұмыс істеу кезінде, газ баллонды пайдалануда, суда жүзу ережелерін сақтауда, қыс айларында сақтық ережелерін ұстануда және тағы басқа төтенше жағдайларда не істеу керек екендігі жайында ақпараттар мен мәліметтер жазылған. «Балалар өртке қарсы» бөлімінде балаларды өрттен сақтандыру мәселелері жайында айтылып, оларға қысқаша қажетті мәліметтер беріледі, қысқаша оқыту курсы жүргізіледі. Сондай-ақ «Нормативті құжаттар» бөлімінде ҚР-ның заңдары мен жарғылары, құрылыс жүргізу ережелері мен нормалары қамтылған, қайтыс болған қызметкерлерді еске алу кітапшасы бар. «Шығармашылық» бөлімінде Департамент қызметкерлерінің шығармашылық жұмыстары, өлең жолдары, қолдан салған суреттері салынған. Осы бөлімде өрт-техникалық орталықтың сурет галереясы мен орталық міндеті жайында ақпарат салынған. Біздің сайттан көптеген пайдалы да танымдық ақпарат алатындарыңызға сенімдіміз!

Біздің ТЖ департаментінің сайтына қош келдіңіздер!

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
полковник Нұрмағамбетов Талғат Қайырбекұлы



Кері қайту