Сәтбаев қаласы аумағында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралары өткізілуде

12.02.2019
Күн сайын Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің және № 44 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Сәтбаев қаласының және жақын маңдағы елді-мекен тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихаттау іс-шаралары ұйымдастырылады. 

Іс-шара барысында жеке тұрғын үйлердің және саяжай тұрғындарымен тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздік ережелерін және негізгі нормаларын, пәтерлерде және ғимараттарда электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану, электр құрылғыларын қолдануы, отынмен қолданатын пештерді дұрыс қолдану керектігі бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, өрттерді байқаған және орын алған жағдайларында қандай іс-әрекеттерді қолдану керектігі жөнінде түсіндірілді.

Аталған іс-шаралар жылу маусымы аяқталғанша әрі қарай жалғасын табады.


Сәтбаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері 
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Ғ.Ш. Шәкірат



Возврат к списку