Құтқарушы мамандығына оқуға шақырамыз

12.02.2019
Қарағанды облысының Қаражал қаласы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Қаражал қаласындағы тау –кен техникалық  колледжі оқушыларымен және №3 ,7 жалпы  орта білім беру мектебінің жоғары сынып оқүшыларымен  кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты залда жиналғандардың әрбіріне азаматтық қорғау мамандарын дайындайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны, Көкшетау техникалық институты туралы ақпаратты жеткізу.
     \
Қаражал қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы  оқушыларға  Қазақстан  Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді іріктеу және қабылдау ережелерін толық айтып берді. Бұлсөздерден болашақ түлектер Институт "Өрт қауіпсіздігі", "Төтеншежағдайлардақорғаныс"  мамандықтары бойынша жоғары білімді, білікті офицерлерді дайындайтынын білді. Оқу жылдарында болашақ офицерлер төтеншежағдайлардағы іс-әрекетке машықтанып, төтенше жағдайлар бөлімшелері мен органдарда қызмет етуге жоғары моральді және кәсіби қасиеттерді игереді. Ал бейне роликті көргеннен кейін, залда жандану орнады және мамандардың айтқандарына шынайы қызығушылықтар оянды.
   
 Іс-шараның аяғында оқушылар, әсіресе жасөспірімдер жоғарғы оқу орнына түсу бойынша сұрақтарын қызығушылықпен қоя бастады.   Барлық тілек білдіргендерге барлық қызықтырған ақпаратар бойынша мәлеметтер беретін көрнекілік буклеттер мен кітапшалар  таратылды.
    
Сондай-ақ оқушылардың хабарына түсу бойынша толық ақпаратты Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына кіріп алуға болатыны жайлы айтылды. 
   Қаражал қаласы ТЖБ бастығы 
   азаматтық қорғау подполковнигі     Абеев Е.Т.

Возврат к списку