Қарағанды облысының ТЖД еріктілер ұйымдарының өкілдерімен жиналыс өтті

12.02.2019
2019 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысының ТЖД кіші залында ТЖД ӨҚСБжПҚБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі А.В. Моисеевтың төрағалығымен 2019 жылдың 16 ақпанында республикалық «Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі күнін» ұйымдастыру және өткізу сұрақтары бойынша еріктілер ұйымдарының өкілдерімен жиналыс өткізілді.

Жиналысқа «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының, «Қызыл ай қоғамы» ҚБ, «Мир добра» ҚБ өкілдері шақырылды.

Қатысушыларға тұрғын секторда өрттердің алдын алу  бойынша кешенді іс-шаралар  жүргізу туралы , Қарағанды облысының аумағындағы 2019 жылдың өткен кезеңіндегі өрттер, адамдардың қаза табуы және жарақат алуы статистикасы жеткізілді.

Жиналыс барысында «Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі күнін» бірге өткізу туралы келісімге келді, ұйымдастырушылық сұрақтары талқыланды.
Қарағанды облысының ТЖД 
ӨҚСБжПҚБ ХОжАТ бас маманы 
азаматтық қорғау подполковнигі
Ерёменко Н.Н.

Возврат к списку