Қарағандыда шаңғы жарысы бойынша өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің арасында жарыс өтті

12.02.2019
2019 жылы 12 ақпанда Қарағанды қаласындағы  Узенка кентінің  саябағында Қарағынды облысы  өрт сөндіру бөлімдерінің арасында шаңғымен сырғанау сайысы өткізілді.

Айта кету керек,  өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері үшін денсаулық  өте маңызды. Адам өмірін құтқару үшін, өрт сөндірушілер әр қашан дайын болуы қажет.  Өрт сөндіруші батырлар таза ауада  өз ара шаңғы тебу жарысына шыққандарына өте риза.

Сайысқа  облыстан 6 команда қатысты: №5 ӨСБ, № 15 ӨСБ, №16 ӨСБ, №25 МӨСБ, «ӨСжАҚЖҚ» ММ және №11 АӨСБ, №14 ӨСБ ҚФАҚ «Өрт сөндіруші»

Шаңғымен сырғанау біріншілігіндегі жарыс  құрама командалардың  арасында қыза түсті.   Ең мықты физикалық дайындықты көрсеткен  №15 Өрт сөндіру бөлімі командалық есепте үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды алды. Команда кубокпен, мақтау қағазы және 16000 (он алты мың) теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.  Екінші орынды №5 ӨСБ иеленді. Үшінші орынды  №25 МӨСБ місе тұтты.

Шаңғымен сырғанау жарысында 1000 метрлік  қашықтықта қыздар арасында бірінші болып финишқа №25 МӨСБ аға өрт сөндіруші – радиотелефонисті азаматтық қорғау сержанты Попова Н.В. келді.  Екінші  орынды №15 ӨСБ өкілі   Мартынова В.А. алды. №16 ӨСБ радиотелефонисті Сембек А.Қ. үшінші орынды иеленді.
  
В лыжной гонке  на дистанции 3 километра  среди мужчин первым на финиш пришел старший пожарный ПЧ-15 сержант гражданской защиты Абзал Б.Г, второе место занял командир отделения ПАСЧ-11 Карагандинского филиала АО «Өрт сөндіруші» Быданов А.Ю.  Третье  место досталось старшему пожарному Пожарной части №16 Службы пожаротушения и аварийно-спасательных работ младшему сержанту гражданской защиты Мәрібай Ж.Қ.


Шаңғымен сырғанау жарысында  3 шақырымдық ерлер арасында   жеңіс мәресіне  алғашқы болып №15 ӨСБ аға өртсөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Б.Г.Абзал келсе, №11 АӨСБ  ҚФАҚ «Өрт сөндіруші» бөлімше командирі Быданов А.Ю. екінші болып келді. Үшінші орынды №16 ӨСБ аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Мәрібай Ж.Қ. иеленді.

Сайыс екі тараптың көңілдерінен шығып, достық негізде өтті. Қызметкерлерімізді сәтті сайыстың басталуымен құттықтаймыз және келешекте спорттық жарыстарда тек жеңіске жетуін тілейміз.

                                                                                      
Қарағанды облысы ТЖД 
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі баспасөз қызметі

Возврат к списку