КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ҮГІТ НАСИХАТ

12.02.2019
 6-ӨСБ қызметкерлерінің үгіт-насихат жұмыстарын өткізу шеңбернде Қарағанды қаласы №36 жалпы білім беретін орта метебінде 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жұмысы өткізілді. 
        Кездесу барысында Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешкенді тестілеудің жаңа пішімі, әр пән бойынша шектік балдар мен тұлғалық дайындық бойынша нормативтері айтылды. Сонымен қатар, бейндік пәндер бойынша қосымша сабақ өткізу қажетілігі туралы түсініктеме берілді. Мектеп оқушылары өздерін қызықтыратын көптеген  сұрақтар қойды. Іс-шара кезнде үгіт-насихат буклетері таратылып, Көкшетау техникалық институтына түсу туралы бейнесюжет көрсетілді. 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Көкшетау техникалық институты «Өртқауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері» мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білімі бар, моральді және іскерлік қасиеттері бар азаматтық қорғау органдарында қызмет ету үшін әр түрлі экстремалды жағдайда қойылған міндеттерді шеше алатын  жоғары санатты офицерлерді дайындайтын жалғыз ведомствалық институт. 
       
Сөйлеген сөздерден болашақ түлектер Институт жоғары білімді білікті офицерлерді дайындайды екенін білді. 

№6 Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары 
азаматтық қорғау капитаны Болатбеков Н.Ж.

Возврат к списку