Бұқар жырау ауданындағы Республикалық «Қыс-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуы

06.11.2019
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарындағы күштер мен құралдарды даярлау мақсатында 2019 жылғы 5-6 қараша аралығында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын-алу және  жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау»тақырыбына «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Бұқар жырау ауданы әкімінің  «Қыс-2019» РКШОЖ-на  дайындық пен  өткізу бойынша ұйымдастырушылық нұсқауларын орындауда, оқу-жаттығуларды Бұқар жырау ауданының аумағында өткізу жоспары бекітілді. 
Оқу жаттығулары аудан әкімінің орынбасары С.К.Сатаевтың төрағалық етуімен қыс кезеңіндегі ТЖ алдын алу және жою бойынша  аудандық штабтың жиналуынан басталды. Аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің және ұйымдардың басшыларына, аудандық аумақтық  АҚАҚ шағын жүйесінің басқару органдары мен күштерін  дайындыққа келтіру бойынша оқу –жаттығулардың мақсаттары мен міндеттері жеткізілді. 
Әрі қарай,   жеке құрамы 52 адамнан және 30 бірлік әр түрлі техникадан тұратын, жедел әрекет ету және адамдарды құтқару және іздестіру командасы жинақ отрядын шолу жүргізілді. 
       Ботақара –Керней автожолында, авариялық –құтқару қызметтері және нысандары ұйымдарымен практикалық тактикалық және арнайы жаттығулар өткізілді. Жедел әрекет ету жинақ отряды кіріспеге сәйкес, автожолдағы қар құрсауынан адамдарды құтқару тәртібін орындады. 
          Сондай ақ оқу-жаттығу барысында,  Ботақара кентінің модульдік қазандығын және білім, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарындағы қазандықтардың бірлескен қарауы жүргізілді, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша кочегарларға нұсқаулық жүргізумен. 
«Барлығына, назар аудар!» дабылына әрекет ету тәртібі бойынша хабарландыру жүйесі дайындығын тексеру шеңберінде, Ботақара кентінде электр сиренасы және ауданның 31 елді мекендерінде жергілікті хабарландыру  жүйелері іске қосылды.  
      Басқару дабылы кестесіне сәйкес, оқу-жаттығулары кезеңінде ауданның барлық азаматтық қорғау қызметтерімен, басшылық штабына мәлімдемелерді уақытында жеткізу қамтамасыз етілді. 
    
«Қыс-2019» РКШОЖ  қорытындылары бойынша, ауданның азаматтық қорғау күштері мен құралдары қыс мезгіліндегі ТЖ-ға әрекет етуге дайын. 
Бұқар жырау ауданының 
ТЖ бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау майоры
А.Сумский

Возврат к списку