Балқаш қаласында «Қыс-2019» РКШОЖ өткізілуде

06.11.2019
Балқаш қаласында алғашқы қармен «Қыс 2019» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуы басталды. «Қыс 2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойынша Қарағанды облысы әкімінің орынбасарының ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды дайындау, 2019-2020 жылдарға арналған Қыс мезгіліндегі ТЖ алдын алу және жою бойынша 2019 жылғы 05-06 қараша аралығында Балқаш қаласында «Қыс 2019» РКШОЖ өткізілді: 
- қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жүйесінің 2019 жылғы қысқы кезеңі жағдайында дайындық деңгейін және қабілетін арттыру;
- көлік магистральдары мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуін бұзу жағдайында бағынышты күштерді басқару бойынша АҚ қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың жұмысында үйлесімділікті жетілдірілді;
-қысқы кезеңдегі ТЖ жою үшін құрылған авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының санын, құрамын, мақсатына сәйкестігін және іс-қимылға дайындығын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстар қорының, энергиямен жабдықтаудың резервтік көздерінің болуы мен жай-күйін тексерілді.
  Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар жағдайына күштер тобы дайындыққа келтірілді және практикалық іс-шаралар өткізілді:
- Балқаш көлінде ТЖ болған жағдайда құрылған күштер тобының дайындық байқауы өтті (маневрлік – іздеу тобы);
-тактикалық-арнайы оқу-жаттығу тақырыбы бойынша: Балқаш қ. адамдарды іздеу және құтқару командасының саптық байқауы, автожолдағы қар құрсауында зардап шеккендерді шығару және эвакуациялау бойынша кіріспе сәйкес тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
«Қазақмыс Энерджи» ЖШС Балқаш ЖЭО-да болуы мүмкін дағдарыстық жағдайлардың салдарын жою бойынша практикалық іс-шара өткізілді. Қорғау құрылысының, эвакуациялық жинау пунктінің және жеке қорғаныс құралдарын беру пунктінің дайындығы қаралды.
Барлық «Қыс 2019» РКШОЖ-ға қатысушылардың жалпы саны 24 құрылымнан тұратын 163 адам және 46 бірлік техника құрады.
Балқаш қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Қапашевтың бағалауынша, басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері, қаланың авариялық-құтқару қызметтерінің құрамалары авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды, сондай-ақ қыс мезгіліндегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізуге «дайын» деп баға берді.

Балқаш қ. ТЖ басқармасының
Азаматтық қорғаныс тобы

Возврат к списку