Қарқаралы ауданында «Қыс 2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

06.11.2019
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері  мен құралдарын дайындау мақсатында 2019 жылыдың қараша айының 5-6 аралығында" 2019 жылғы қысқы мерзіміндегі төтенше жағдайларды жою кезінде басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері  мен құралдарын әрекеттерге дайындау" тақырыбында "Қыс 2019" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Қарқаралы ауданы әкімнің орынбасары Б.М.Токмурзиннің төрағалығымен оқу-жаттығуды өткізу бойынша аудандық штаб жиынынан басталды.

Басқару органдары мен күштерін ауданның азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің кіші жүйесін дайындығын келтіру бойынша аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің және ұйымдардың басшыларына оқу-жаттығулардың мақсаттары мен міндеттері жеткізілді.

Одан әрі адамдарды іздеу және құтқаруға тобымен шұғыл әрекет ету құрама жасағын байқауы өткізілді. Онын ішіне кіретін 43 адам жеке құрамы 26 бірлік арнайы техника. 

Құрамалар мен авариялық құтқару қызметтері  бірлесіп Қарқаралы-Аппаз облыстық маңызы бар автожолында тақтикалық арнайы жаттығу практикасын өткізді.

Жергілікті маңызы бар автожолдағы қарды тазалау, авариялық-құтқару жұмысын және зардап шеккен адамдарға бірінші медициналық көмек көрсетуін шұғыл әрекет ету құрама жасағы кіріспеге сәйкес жұмыс істеді.

Оқу барысында штаб басқармасына басқару сигналдары кестесіне сәйкес ауданның барлық азаматтық қорғау қызметкерлерімен уақытылы формалданған хабар ұсынуы қамтамасыз етілді.

«Қыс 2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ауданның азаматтық қорғау күштері мен құралдары қыс кезеңінде төтенше жағдайда әрекет етуге дайын.


Қарқараы ауданы 
ТЖ бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты 

Возврат к списку