Жезқазған қаласындағы «Қыс-2019» РКШОЖ

07.11.2019
«Қыс-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Жезқазған қаласында Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің қалалық кіші жүйесінің қысқы кезеңдегі туындайтын төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша іс-қимылдары тексерілді.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дайындығын пысықтау мақсатында, қала әкімінің орынбасары Н.С. Орынбаевтың қалалық ТЖ комиссиясының кезектен тыс отырысы өткізілді.

Мемелкеттік органдар мен тіршілікті қамтамасыздандыратын объектілердің жауапты басшылары тұрғын үйлердің, әлеуметтік-мәдениет объектілердің, үйымдар мен мекемелердің қысқа дайындығы, жылыту мауысымның бірқалыпты өтуі бойынша тыңдалды.

Қыс мезгілінде жұмылдырылатын күштердің дайындығы тексерілді.

Жедел қызметтермен жол апаты кезінде, адамдарды құтқару, эвакуациялау, жан-жақты көмек көрсету сынды іс-шаралар атқарылды.

Тіршілікті қаматасыз ететін объектінің бірқалыпты жұмысына әсер ету мүмкін, өртті сөндіру бойынша Жезқазған ЖЭО арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Жалпы, басқару органдар мен күштердің оқу-жаттығу барысындағы іс-қимылдарын пысықтай келсек, олармен оқу-жаттығуға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.

Жезқазған қаласының ТЖ басқармасы

Возврат к списку