Қарағандының өрт сөндірушісі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысады!

07.11.2019
Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі азаматтық қорғау аға сержанты Бақытжан Сәдуов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысады!
Ағымдағы жылдың ақпан айында Қарағанды қаласының 15-ші шағын ауданындағы көп қабатты үйде өрт шықты. Өрт орнына келген кезде тоғыз қабатты ғимараттың кіреберісінде ауыр түтін байқалды. Әсіресе жетінші және сегізінші қабаттардан қалың түтін шығып жатты.
Өрт сөндірушілер бірден барлық пәтерлерде зерттей бастады. Сегізінші және тоғызыншы қабаттардан құтқару қақпағының көмегімен өрт сөндірушілер ересектер мен балаларды құтқарып, сыртқа алып шықты.
Тұрғындарды құтқарудың бүкіл процесі тек кіреберіс арқылы ғана жүзеге асырылған жоқ.
№7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Сәдуов Бақытжан үйдің екінші жағында көмек сұраған сегізінші қабатта тұрған балаларды көрді. Бірден автосатына орнату туралы шешім қабылданды. Шындығында, бұл оңай емес еді. Ағаш кесектер мен шабақтар үлкен мөлшердегі арнайы өрт сөндіру құрылғыларын орнатуға кедергі келтірді. Жүргізушінің жылдамдығы мен анық әрекеттерінің арқасында баспалдақ тез арада орнатылды.
Кішкентай балаларды көріп, үйдің екінші жағында адамдарды құтқарумен айналысқан өрт сөндірушілерді күтпестен, Сәдуов Бақытжан сатымен көтеріліп, 2018 және 2014 жылы туылған екі баланы төменге түсірді. Жүргізушінің кәсіпқойлығының арқасында 2 бала 8 қабат биіктіктен жедел түрде құтқарылды. Өрт сөндірушілермен жалпы саны 13 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылды.
Экстремалды жағдайда көрсеткен ерлігі және батылдығы үшін Бақытжан Сәадуов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, кейіпкеріміз Дариға Назарбаеваның және Қарағанды қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 
Бақытжанның кандидатурасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға жіберілді. Қазылар алқасы таңдаған және сайтта ең көп дауыс жинаған қатысушылар жеңімпаз болып атанады. 
Дауыс беру 5 қарашадан бастап 100janaesim.ruh.kz сайтында ашылды. 
Әріптесімізге қолдау көрсетейік!
https://100janaesim.ruh.kz/participants/2019/baytan-saduov.html

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку