«Дармен» көмек үшін

08.11.2019
 2019 жылғы сәуірде ТЖ комитеті «Дармен» мобильді қосымшасын әзірледі. Осы қосымшаның көмегімен дауылды ескерту, автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты жедел білуге болады, сондай-ақ осы платформада әр түрлі жағдайлардағы қауіпсіздік шаралары туралы алдын алу ұсыныстары қосымша орналастырылады. 
Қарағанды облысының ТЖ департаменті дауылдың алдын алу, тас жолдардың жабылуы, суға шомылу, қысқы, өрт қауіпті кезеңдерде қауіпсіздік шаралары туралы халықты уақытылы хабардар ету мақсатында «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы халықты хабардар ету бойынша жұмысты ұйымдастырып, ретке келтірді. 
Ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескерту алған кезде дереу СМС-жіберу жүргізіледі. Сондай-ақ ТЖД жедел кезекшісі қажетті ақпаратты тарату үшін енгізеді, ол «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы бірден таратылады. 
Мобильді қосымшада барлығы әр түрлі сипаттағы 77 ақпарат орналастырылды. 
Бұл қосымшаның жағымды тұсы-бұл жылдам хабарлау. Егер Төтенше жағдайлар туралы СМС-хабарлама халыққа бірнеше сағатта келсе, онда «Дармен» 2 секундта хабарлайды. 
Қосымшаны мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде барлық Android және IOS пайдаланушылары жүктей алады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку