Сәтбаев қаласындағы «Қыс-2019» РКШОЖ

06.11.2019

2019 жылдың қараша айының 05-06 күндері Сәтбаев қаласында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбы бойынша «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында іс-шаралар өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында «Дабыл-1001» дабылы бойынша Сәтбаев қаласының басқару органдары, Азаматтық қорғау мемлекеттік кіші жүйесінің аумақтық күштері мен құралдарын қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардың пайда болуы мен қауіпінің мәселесін орындауғадаярлық келтіру үшін хабарлау жүргізілді, сондай-ақ қалалық ТЖК РКШОЖ міндеттерін қою үшін жинады.
Оқу-жаттығу шеңберінде жергжерглікті атқарушы органдармен бірлесіп51 бірлік техника және 139 адам жеке құрамнан құралған, шұғыл әрекет ету жасағы,  адамдарды іздеу және құтқару командасы, қаланың коммуналдық қызметтерінің қар жинағыш техникалары  дайындығының байқауын өткізді.
Артынша, қаланың шығыс ауданында су құбырының жарылу салдарын жою бойынша, «СЖЖК» ЖШС 3 бірлік техникасы мен 8 адам жеке құрамның қатысуымен тәжірибелік іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндеықтимал дағдарысты жағдайлардың, соның ішінде туындауына байланысты авариялардың салдарын жоюбойынша, «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС ЭЖК 2 бірлік техникасы мен 5 адам жеке құрамының қатысуымен тәжірибелік іс-шаралар өткізілді.
Атқарылған іс-шаралар бойынша Сәтбаев қаласының ТЖ бөлімі мен жергілікті атқарушы органдары бірлесіп Қарағанды облысының оқу-жаттығуды басқару Штабына сәйкесінше хабарламалар жолданды. 


Сәтбаев қаласының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Ғ.Ш. Шәкірат

Возврат к списку