Сәтбаев қаласында рейдтер өткізілді

08.11.2019
Сәтбаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі, № 18 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 2019 жылдың қараша айында Сәтбаев қаласының аумағындағы зейнеткер, тұрғылықты мекен-жайы жоқ, аз қамтылған отбасыларының тұрғылықты мекен-жайларында рейдтер өткізілді. Рейд барысында жылыту маусымында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Үгіт-насихат барысында келесі талаптар жайында бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
- жылыту маусымында пәтер ішінде электр жылу қондырғыларын қосып қараусыз қалдырмауы;
- кәмелетке толмаған балдардың қолдарына сіріңке ұстатпау және балаларға сіріңке ойыншық емес, сіріңке тұрмыстық затта қолданылатындығы және оны ересек адамдар қолданатындығы жөнінде түсіндіру;
- электр тоқ пешінде тағамдарды дайындау барысында қараусыз қалдырмауды;
- тұрғын үйлердің қылтимасында темекі қалдығын толығымен сөндірмей тастамауы және пәтер ішінде төсек орында темекі шекпеу керектігі;
 - пәтерде балаларын қараусыз қалдырмауы.
Жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша өртті алдын алу, сондай-ақ өрт болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі жөнінде жаднамалар таратылды.
Есіңізде сақтаңыз!
 Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау - әр азаматтың міндеті.
 Өртті сөндіргеннен, алдын алған оңай!
Өрт оқиғасы болған жағдайда дереу өрт сөндіру қызметіне 101 немесе 112
телефон нөмерлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Сәтбаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері
азаматтық қорғау капитаны К. Есилбай



Возврат к списку