Қарқаралы ауданында «Көктем-2020» Респубдикалық-штабтық оқу-жаттығу

26.02.2020
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері  мен құралдарын дайындау мақсатында 2020 жылы 25-26 ақпан аралығында" 2020 жылғы су тасқыны жағдайында ТЖ жою кезінде басқару органдарын, АҚМЖ күштері  мен құралдарын әрекеттерге дайындау" тақырыбында "Көктем 2020" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
 Қарқаралы ауданы әкімінің "Көктем-2020" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауларын орындау мақсатында Қарқаралы ауданы аумағында оқу-жаттығуларды өткізу жоспары бекітілді.    
Қарқаралы ауданы әкімнің орынбасары Д.Д. Кабаевтың төрағалығымен оқу-жаттығуды өткізу бойынша аудандық штаб жиынынан басталды.    
Басқару органдары мен күштерін ауданның АҚМЖ кіші жүйесін дайындығын келтіру бойынша аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің және ұйымдардың басшыларына оқу-жаттығулардың мақсаттары мен міндеттері жеткізілді.
Одан әрі адамдарды іздеу және құтқаруға тобымен шұғыл әрекет ету құрама жасағын байқауы өткізілді. Оның ішіне кіретін 48 адам жеке құрамы 29 бірлік арнайы техника.
Құрамалар мен авариялық құтқару қызметтері  бірлесіп Қарқаралы-Нұркен автожолында тақтикалық арнайы жаттығу практикасын өткізді. Қарқаралы-Нұркен жергілікті маңызы бар автожолдағы су өткізу құбырларын тазалау және еріген суды бұру үшін қаптарды төсеу бойынша шұғыл әрекет ету құрама жасағы кіріспегесәйкес жұмыс істеді.
Оқу барысында штаб басқармасына басқару сигналдары кестесіне сәйкес ауданның барлық азаматтық қорғау қызметкерлерімен уақытылы формалданған хабар ұсынуы қамтамасыз етілді.
Аудан әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы №1/30 өкімімен 2020 жылғы көктемгі кезеңде тасқын сулардың апатсыз өтуін қамтамасыз ету мақсатында ауданның елді мекедерін және шаруашылық субъектілерін 2020 жылғы көктемгі кезеңде тасқын суларынан қорғау бойынша алдын ала шаралар қабылдау үшін жауаптылықты дербестеу жүргізілді.
    «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ауданның азаматтық қорғау күштері мен құралдары су тасқыны кезеңінде ТЖ әрекет етуге дайын.

Қарқараы ауданы
ТЖ бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Ж. Сериков

Возврат к списку