Қарағанды облысында «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында іс-шаралар жалғасуда

26.02.2020
 25 – 26 ақпан аралығында «2020 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығу аясында практикалық іс-шаралар су тасқынына неғұрлым бейім  елді-мекендер аумағында өткізіліп жатыр.
26 ақпанда Бұқар жырау ауданының Садовое ауылында облыстық  авариялық-құтқару қызметтерімен  практикалық іс-шаралар өткізілді.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаевпен бірге авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығын тексерді. ТЖК аумақтық бөлімшелері, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының №52859 әскери бөлімі,  ПД жергілікті полиция қызметі құтқару жұмыстары кезінде және басқа да қауіп төнгенде кезек күттірмейтін төтенше жағдайлар  туындағанда  пайдалантын техниканы, жүзу құралдарын, жабдықтарын, суға киетін костюмдерді көрсетті.
Сондай-ақ, өңір басшысы далалық лагерь жұмысымен, онда құрылған жедел штабпен, медициналық қамтамасыз ету пункттерімен, жылыту және тамақтану орындарымен танысты.
«Көктем-2020» РКШОЖ  аясында бағдарлама бойынша жағалауларды бекіту және өзендердегі мұздарды жару жұмыстары жүргізілді.
ТЖД бөлімшелері мен Ұлттық ұланның әскери бөлімдері суда және мұзда іздестіру-құтқару жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар кинологиялық қызметтердің, өтімділігі жоғары техниканың және авиацияның іс-әрекеттері пысықталды.
Осы тектес практикалық іс-әрекеттер облыстың барлық қалалар мен аудандарда жүргізілді, авариялық-құтқару қызметтерінің жедел басқару күшімен жаттықтыру алгоритмі және азаматтық қорғаныс құрылымдарының авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстардың орындалуы пысықталды.
Оқу-жаттығу барысында хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығы, болжау және диспетчерлік қызметтерінің жұмысы бағаланады.
Көктем мезгіліне сапалы даярлау мақсатында Қарағанды облысының аумағындағы елді мекендерді және облыстағы объектілерді су тасқындарынан қорғау іс-шаралар Жоспары бекітілді, онда нақты іс-шаралар қабылдау және облысы аумағындағы тасқын сулардың транзитін өткізу айқындалған.
ТЖД жедел топтармен елді-мекендер арасында олардың дайындығын бағалау мақсатында тасқын кезеңінде халықты ақпараттандыру туралы қауіпсіздік шаралары жүргізіледі.
Неғұрлым су тасқынына бейім ауылдық округтердің әкімдерімен оқу-әдістемелік жиындардың екінші кезеңі аяқталды. Барлығы 58 адам оқытылды. Қалалар мен аудандарда 231 жылыту  пунктері және халықты уақытша орналастыру орындары анықталған.
Облыстағы негізгі су қоймаларынан санитарлық су ағызуы жүзеге асырылуда:  Самарканд су қоймасынан шығыны 5 м3/сек транзитпен Ынтымақ су қоймасы арқылы көлемі 8 м3/сек, Шерубай-Нұра су қоймасы - көлемі 14 м3/сек.
«Қазгидромет» РМК филиалымен Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің жоғары жақтарынан екінші рет қар өлшемі анықталуда.
2019 жылы су тасқынына дайындық шеңберінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 40 елді мекендер аумағына 20 км қорғау дуалдары тұрғызылды, 27 шақырым қорғаныс дамбалары мен дуалдарды нығайту жұмыстары жүргізілді,  11 шақырым өзен арналары тазартылды және жөнделді, 11  шақырым дренаж және су бұру арналары бекітілді.
Барлығы 2015-2019 жылдары кезеңінде облыста 190-нан астам шақырым қорғаныс дамбалары мен дуалдар салынды, 140 елді мекендерде  62 км өзен түбін тереңдету, түзету және арналарды кеңейту жұмыстары атқарылды.
Су тасқыны кезеңі бойынша дайындық  іс-шаралары жалғасуда және бақылауда. 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку