Қарағанды облысының ТЖ департаменті ескертеді!

27.02.2020
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!
Облыс аумағында дауылды ескерту әрекетте! Автокөлік құралдарының қозғалысы барлық бағыттар бойынша жабық ("Қарағанды қ.-Ақсу-Ауюлы к." жүк және қоғамдық көліктеріне қозғалыс шектетілді).
Осыған байланысты:
- елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз!
- автожолдарда жабылу бекеттері орындарында көлік құралдарының жиналуына жол бермеңіздер!
- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы дәмханаларда орналасыңыздар!
Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы ақпарат қосымша жеткізілетін болады.

Барлық оқиғалар мен ТЖ туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласыңыз.


Возврат к списку