Наурыз - бейбітшілік пен мейірім мерекесі!

20.03.2020
      Құрметті қарағандылықтар! Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын шүректен құттықтаймыз! Қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны.
      Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар. Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды. Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы. Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі.
       Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. 
       Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу. "Бірлік бар жерде, тірлік бар" дейді халық даналығы. Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!

Қарағанды облысының ТЖД 

Возврат к списку