Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

26.03.2020

Өткен аптада 14,7 шақырым су бұру арналарын, ұзындығы 22,8 шақырым 199 арықты тазалау жұмыстары жүргізілді.
Автомобиль және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша іс-шаралар аяқталды.
Самарқанд, Ынтымақ және Шерубай-Нұра су қоймаларынан су жіберу жалғасуда.
26 наурыздағы жағдай бойынша Самарқанд су қоймасынан 10 м3/сек шығысымен, Ынтымақ су қоймасынан 20 м3/сек көлемінде, Шерубай-Нұра су қоймасынан 14 м3/сек көлемінде ағызу жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ қар шығару жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 2 млн. 850 мың м3 қар шығарылды.
Өзен арналарын аэровизуалды тексеру және су қоймаларын тексеру жүргізілуде.
Өзендердегі мұз кептелісінің алдын алу мақсатында мұз жару жұмыстары жалғасуда. Бүгін Осакаров ауданындағы Сабырқожа өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Бұған дейін мұз жару жұмыстары Қарқаралы ауданындағы Жарлы өзенінің арнасында, Бұқар жырау ауданындағы Нұра өзенінде, сондай-ақ темір жол өткелінің аумағындағы Қарасор көлінің 4 учаскесінде жүргізілді.
Халықты алдын ала ақпараттандыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жандандырылды.
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку