Жаңаарқа ауданының орталық ауруханасының терапевт дәрігерін шақырумен туберкулез ауруына байланысты профилактикалық дәріс өткізілді

27.03.2020
Қарағанды облысы ТЖД 2018-2020 жылдарға арналған Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулар профилактикасы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдың 27 наурызында Жаңаарқа ауданы төтенше жағдайлар бөлімі ғимаратында «Жаңаарқа ауданының орталық ауруханасы» КМК өкілін шақырумен туберкелез ауруына қарсы дәріс өткізілді.
Аталған ауруды ашқан 1882 жылы Роберт КОХ деген ғалымның құрметіне аталады. Туберкулез-дегеніміз микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауруы ерте заманнан белгілі. Аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериялары немесе КОХ таяқшалары. Олар өте төмен температурада, кепкен күйінде де тіршілігін сақтайды, әртүрлі қышқылдар және спиртте әсер етпейді деп тоқталды. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмағанда, ауру балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатындығы туралы айтылды. Туберкулез әлеуметтік аурулар қатарына жатқызылады, өйткені ол тұрмыстық жағдайлары төмен, көп балалы отбасында, нашар дамыған елдерде, жиі кездеседі. Кейінгі жылдарда елімізде туберкелез ауруы азаймай отыр. Егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса, аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады. 
Терапевт дәрігер Қойшыбеков C.Р. жеке құрамға ауданымыздың орталығында скрингтік бағдарламалар өтіп тұруын және де аталған скринг арқылы көптеген аурулардың алдын-алуы туралы ескертілді. 


Жаңаарқа ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау капитаны Садыков Ж.Б. 

Возврат к списку