Қарағанды облысы ТЖД бастығы жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы сөз сөйледі

20.05.2020
Қарағанды облысының ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев «1 Қарағанды» арнасында «Бағыт» телебағдарламасына қатысты.
Бағдарлама жазғы кезеңдегі қауіпсіздік және азаматтық қорғау органдарының өрт қауіпті және суға шомылу маусымына дайындығы мәселелеріне арналды.
2020 жылғы өрт қауіпті кезеңі басынан облыс аумағында 2,9 га көлемінде 3 орман өрті және 311 ге астам алаңында 33 дала жанулары тіркелген. 
ТЖД бастығы халықты табиғатта отпен абай болуға шақырды: «Барлық орман және дала өрттері сыртқы себептерге байланысты басталады. Көбінесе өрттер тұрғындардың отпен абайсыз болу салдарынан пайда болады: жанып жатқан сіріңке, темекі тұқылы, сөндірілмеген от. Бақыланбайтын немесе құрғақ өсімдіктерді өртеу үлкен өртке әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, егінде жұмыс істеп жүрген техниканың ұшқын сөндіргін құралдарының ақаулықтары өрттін себебі болуы мүмкін».
Сонымен қатар алдағы суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік сұрақтары талқыланды. Өткен 2019 жылдың суға шомылу маусымында облысымызда 14 адам суға батты, соның ішінде 1 бала. 
Судағы төтенше жағдайлардың негізгі себептері құтқарушылардың бақылаусыз су айдындарында азаматтардың ұйымдастырылмаған демалысы, мас күйінде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеу немесе сақтамау, жүзу білмеу және балаларды ересектердің қарауынсыз суға қалдыру болып табылады. 
Демалыс орындарында су айдынында болған кезде мас күйінде, тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға кіруге және шомылуға болмайды, жүзуге арналмаған заттармен жүзуге, балаларға ересектерінсіз суға кіруге жол берілмейді.
Жылы кезеңінің тағы бір мәселесі – ол балалардың терезелерден құлауы. Ағымдағы жылы балалардың терезеден құлауының 5 жағдайы тіркелді. Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Жезқазған қалаларында жазатайым оқиғалар болды. Жыл сайын балалардың биіктіктен құлау саны орта есеппен 20 оқиғаны құрайды.
И. Күлшімбаев балаларға қарауды күшейтуге ұсынды: «Терезелері ашық бөлмелерде балаларды жалғыз қалдырмаңыз. Москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Терезеге бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз».
Сонымен қатар, ТЖД бастығы Қарағанды облысынан Түркестан облысына ТЖ салдарын жоюға көмек көрсетуге кеткен құтқару тобының жұмысы туралы айтты. Құтқару тобы Мақтарал ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Құтқарушылар тәулік бойы 2 ауысыммен жұмыс істеуде. Суды сорып алу және бұру, арналарды тазарту және т.б. жұмыстары жүргізілуде. 


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку