Қарағанды облысының құтқарушылары Мақтаарал ауданының Фирдоуси ауылындағы жұмыстарды аяқтады

21.05.2020
Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары тобы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Фирдоуси ауылында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді аяқтады. 
Қарағанды құтқарушылары келген сәттен бастап Фердоуси ауылында үй маңындағы және ғимараттар аумағынан суды сору және бұру бойынша жұмыстар жүргізді. 
Жұмыстар аяқталды. ТЖ салдарын жою жөніндегі аудандық штабтың шешімі бойынша күштер мен құралдар толық құрамда Жеңіс ауылына жіберілді. Бүгінгі күні барлық үй маңындағы аумақтардан және бау-бақша учаскелерінен су сору жұмыстары жүргізілді.
Құтқарушылар жұмысты тәулік бойы жалғастыруда.
Басқа облыстардағы әріптестермен бірлесіп, ауыл аумағынан тыс жерлерде жиналған суды сору жұмыстары жүргізілуде. 
Қарағандының құтқару тобымен Мақтарал ауданының елді мекендерінде барлығы 420 мың текше метрден астам су сорып алынды, 1,5 км арналар мен арықтардың арналарын кеңейту және тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ ұзындығы 1 км-ден астам арналар бөгеттерін бекіту жұмыстары жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 7 мамыр күні Қарағанды облысы ТЖ департаментінің күштер тобы Түркістан облысына ТЖ салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку