2018 жылғы 26 қыркүйекте Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Б.Б. Бадылбаевтың «Жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі" тақырыбында брифингте сөйлеген сөзі

09.10.2018
Ағымдағы жылдың басынан Қарағанды облысының аумағында 1195 өрт болып, оларда 28 адам қаза тапты, 29 адам жарақаттанды.
Болған өрттердің 70 % тұрғын үй секторында орын алған. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде тұрғын үй секторында 817 өрт тіркелді. 28 адамның 26-сы тұрғын секторда қаза тапқан.
Өткен жылыту маусымында Қарағанды облысының аумағында тұрғын секторда  571 өрт болды. Өрттерде 28 адам қаза тапты, сонынң ішінде 3 бала, 25 адам жарақаттанды,соның ішінде 2 бала.
Пешті қолдануда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан өрт туындамаған жағдайларда улы газбен уланып 13 адам қаза тапты (оның ішінде 1 бала), улы газдан 12 адам жарақаттанған (соның ішінде 3 бала).
Өрттерде қаза болудың негізгі себептері – алкогольді масаю және өрт кезіндегі қате іс-әрекеттер.
Адамдардың улы газдан қаза болуы және жарақаттануының негізгі бөлігі ұйқы күйінде болған, яғни жарақаттану түн уақытында болып, осы себептен отбасылар толығымен уланған оқиғалар орын алған. Улы газдың тұрғын бөлмелерге шығуының негізгі себебі – мұржаның бітелуі немесе ақаулы пешті пайдалану.
Өрттерге қатысты жағдайды тұрақтандыру және халықтың өртке қарсы мәдениетін арттыру мақсатында азаматтық қорғау қызметкерлері тұрақты негізде ауқымды насихаттау жұмыстарын жүргізуде. 15 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін Қарағанды облысында «өрт қауіпсіздік айлығы» өткізілуде.
Тұрғын үй секторларын аралаулар өткізілуде, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен көп қабатты ғимараттарда газ баллондардың пайдалануына тыйым салынғаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, өртке қарсы тақырыпта ескертпелер таратылуда.
Дегенмен, жүргізілген профилактикалық іс-шараларға қарамастан, соңғы ай ішінде пеш ақаулықтарынан және олардың дұрыс қолданбауынан 9 өрт оқиғасы болды.
Спикерлер пештері бар үйлердің тұрғындарына қауіп төндіретін ула газға ерекше тоқталды.
«Үйреншікті» өрт белгілерінең айырмашылығы адам түтінді немесе өрттің жануын көре алады, ал улы газды көру де сезу де мүлдем мүмкін емес, ол түссіз, иіссіз болып келеді. Сол себепті адамдар өртте тірідей жанып кетпейді, көбінде улы газдан тұншығып қаза болып жатады.   
Үйде автономды сигнал беруші немесе улы газдың датчигын пайдалана отырып, улы газдан уланудан сақтануға болады. Улы газды табу сигналын беруші – бөлме ауасында СО мөлшерін үзіліссіз бақылауға арналған, улы газ концентрациясының көтерілуіне дыбыс және жарық сигналдарымен белгі беретін электр химиялық датчиктері.
Алдымыздағы жылыту маусымында төтенше жағдайларды, адамдардың қаза болуын және жарақаттануын алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
- электр сымдарының, сөндіргіштер мен розеткалардың жөнділігін байқау;
- электр жабдықтарын, плиталарды ақаусыз жағдайында, жанбайтын негізде, перде, жиһаз және жанғыш заттардан алшақ ұстау керек;
- бір жүйеге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеу, бұл электр жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;
- қолдан жасалған электр жылытқыш аспаптарын қолданбау;
- жылыту маусымының басында пештерді жөндеп алыңыз, мұржаларды айына бір реттен кем емес тазалап отыру керек;
- пешті оңай жаңғыш сұйықтармен жағуға жол бермеңіз;
- пешті жағуды үйден шығар алдында 2 сағат бұрын тоқтату.

Возврат к списку