2018 жылғы 25 желтоқсанда Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының м.а. А.В. Моисеевтың "Жаңа жылдық шараларың өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында брифингте сөйлеген сөзі

26.12.2018
Мереке уақытында барлық жерде, әр-түрлі шаралар өткізіледі, халық белсенді демалып, мерекеге арнап пиротехника және иллюминацияны сатып алады. Мереке күндері электротехникалых және әр-түрлі пиротехникалық бұйымдарды қолданғаннан өрттердің шығуы, жарақаттарды алу мүмкіндігі жоғарылайды.
Қазіргі уақытта отандық және шетел өндірушілердің әрекет тәсілдері, өлшемдері және заряд салмақтарымен ерекшеленетін түрлі пиротехникалық бұйымдардың  сатылуда. Пиротехникалық бұйымдардың бақылаусыз сатылуы және қажетті өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамай қолдануы өрттердің, адамдардың жарақаттануы мен өлімінің себебі болады.
Статистикаға сүйенсек, былтырғы Жаңа жылды мерекелеу кезіңде 2017 жылғы 31 желтоқсаннан 2018 жылғы 2 қантарға дейін Қарағанды облысының аумағында 22 өрт болды, оларда 2 адам жарақат алды.
Болған өрттердің себептері:
- отты абайсыз қолдану – 15 өрт;
- электр құралдарды қолдану және монтаждаудауың бұзу – 3 өрт;
- пештерді және мұржаларды құру және қолдану кезіндегі ережелерді бұзу – 2;
- өртеу – 1 өрт;
- пиротехникалық бұйымнан болған өрт – 1.
Пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолданбағаннан болған өрт Теміртау қаласының Жас космонавттар көшесінде болған.  Өрт туралы хабар 31 желтоқсанда сағат 23:18-де түсті. 2-қабатты тұрғын үйге жалғай салынған дәліздің ағаш жабындысы жанған. Өрттің көлемі 2 шаршы метрді құрды. Зардап шеккендер болған жоқ.
Сонымен қатар, жаңажылдық күндерде облыстың медициналық мекемелеріне пиротехникадаң алған жарақаттармен 6 адам жүгінді, олардың 5-і 10-13 жастағы балалар.
ТЖД қызметкерлері қайғылы жағдайларды алдын алу мақсатында пиротехникалық бұйымдарды жабық бөлмелерде қолдануға тыйым салынатының еске түсірді. Балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетімен әрекетке келтіруіне рұқсат бермеңіздер. Сонымен қатар, көліктердің, тұрғын үйлердің және басқада ғимараттар жаңында пиротехниканы пайдалану өртті туындыру себебі мүмкін.
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларына сәйкес тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен бұйымдардың бөлшек саудасы, оған тікелей күн сәулесінің және атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмай өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін дүкендерде, дүкендердің бөлімдері мен секцияларында, павильондар мен дүңгіршектерде жүргізіледі. Яғни ашық даладағы саудаға тыйым салынған.
Сауда үй-жайларындағы тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттардың үлгілері бар сөрелер сатып алушының пиротехникалық заттар мен бұйымдардың жазбаларымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және сатып алушылардың бұйымды сырттай көзбен шолуынан басқа кез келген іс-әрекеттерін болдырмайды.
Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ біздің қызметкерлер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың стихиялық саудасы фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуге жоспарланған, бұл ретте адамдар көп жиналатын орындарды тексеруге ерекше назар аударылатын болады.
Сонымен қоса, алдымаздағы мерекелік және демалыс күндерге байланысты қолайсыз күн райы кезіндегі қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін еске түсірді. Дауылды ескерту жариялаған жағдайда елді мекеннен шықпауға әсіресе балалармен бірге және алыс жерлерге жолға шықпауға ұсынамыз. Ауа райының өзгеруіне сәйкес киіну керек. Ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Жүргізушілерге де жолдардың жағдайы туралы ақпаратты бақылап, автокөліктің жөнділігін тексеру қажет. Қоғамдық көліктің және дизельді қозғалтышпен жүретін автокөліктердің жүргізушілерін қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударуға шақырды.

Возврат к списку