2019 жылғы 4 сәуірде Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы И.Д Күлшімбаевтың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Қарағанды облысында су тасқыны кезеңінің өтуі туралы» тақырыбындағы брифингте сөйлеген сөзі

05.04.2019
Қазіргі уақытта облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты және бақылауда. Соңғы апта ішінде облыс өзендері бойынша су деңгейі мен өзендердің су деңгейінің төмендеуінің тұрақты динамикасы байқалады. Өзендердегі су деңгейі норма шегінде.
Қарағанды облысында ағымдағы жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы өткен жылдың жаз мезгілінде басталды. Өткізілген іс-шаралар өңірдің елді мекендерін су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік берді. Жол картасын және облыстық инженерлік жұмыстар жоспарын іске асыру шеңберінде су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді, олар: қорғаныс біліктерін салу, жағалауды бекіту, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу .
Қабылданған алдын алу шараларының арқасында өңірде су тасқынының салдары азайған.
Осылайша, еріген суды бұру және елді мекендерді қорғау үшін:
- шамамен 308 мың текше метр су сорылды;
- инертті материалдары бар 46 мыңнан астам қап төселді;
- 3500 метрден астам қорғаныс біліктері салынды;
- 12 тонна инертті материал себілді;
- 4 шығару құбыры орнатылды;
- ұзындығы 2 700 м айналма арналар орнатылды.
 Жою және алдын алу іс-шараларына Қарағанды облысының ТЖ Департаментінің күштер мен құралдары, Ұлттық ұланның№52859 әскери бөлімі, жергілікті атқарушы органдаржұмылдырылды.
Облыс суайдындарында мұз кептелісінің алдын алу мақсатында 16 мұз жарылғанын атап өтті. 23 және 30 наурызда өзен арналарының, гидротехникалық құрылыстардың және қар қорының жай-күйін бағалау мақсатында су тасқыны қаупі бар аудандарға рейдтер өткізілді.  Космомониторинг нәтижелері бойынша облыс аумағында қар жамылғысы шамамен 5% құрайды.
Халықты ақпараттандыру бойынша іс-шаралар белсенді жүргізілуде.
Су тасқыны қаупі бар аудандардың тұрғындарымен жиындар, рейдтер, әңгімелесулер өткізіліп, жадынамалар таратылды.
Су қоймаларынан төгінділер ағындармен теңдестірілген, төмен орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ.
Жағдай облыстық штабтың ерекше бақылауында тұр, су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Возврат к списку