2019 жылғы 16 шілдеде «Жаз кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыптағы брифингте сөйлеген сөз

16.07.2019
Суда ТЖ алдын алу үшін ТЖ департаментімен полиция департаменті бірлесіп қоғамдық орындарда болу және ортақ су пайдалану ережелерінің талаптарын сақтау бойынша рейдтік іс-шараларды белсенді жүргізуде.
Жыл басынан бері 2018 патрульдеу және 675 рейд жүргізілді, ҚР ӘҚБтК 440 бабы бойынша 85 бұзушылық анықталды, 1 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Инспекторлық құрам мен құтқарушылар халық пен судағы демалушылар арасында 38 мыңға жуық үгіт-насихат өнімдерін таратты. Түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысу үшін волонтерлік ұйымдар белсенді түрде тартылады.
Жүргізілген іс-шаралардың арқасында соңғы жылдары суға кеткендер санының төмендеуі байқалады (2018ж.-9, оның ішінде 3 бала, 2017ж. -12, оның ішінде 9 бала).
Сонымен қатар, профилактикалық іс-шараларға қарамастан, ағымдағы жылдың шомылу маусымы басталғаннан бері облыстың су айдындарында 10 адам суға батып кетті, оның ішінде 1 бала.     Оның ішінде тек өткен демалыс күндері суда 4 адам қаза болды.
Су айдындарында 22 адам құтқарылды.
Адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері құтқарушылармен бақыланбайтын су айдындарында азаматтардың демалуы, тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде, мас күйінде суға түсу, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеу немесе сақтамау, жүзуді білмеу және балаларды үлкендердің қарауынсыз суда қалдыру болып табылады.
Спикерлер судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды: жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмау; суға кірмеу және алкогольдік және есірткілік масаң күйде шомылмау; балаларды қараусыз қалдырмау және т. б.
Сондай-ақ құрғақ ыстық ауа райында тұрмыстық және табиғи өрттердің шығу қаупі арта түседі.
2019 жылдың өткен кезеңінде Қарағанды облысының аумағында 0,5435 га алаңында 3 орман өрті, жалпы 2988 га алаңында 119 жану тіркелді.
Табиғи өрттердің пайда болуының ең көп таралған себептері отты абайсыз қолдану, от жағу, найзағай жарқылдары, сондай-ақ жауын-шашынсыз қалыптасқан ыстық құрғақшылық және желді ауа райы болып табылады, ол өрттің едәуір алаңдарға дейін тез таралуына ықпал етеді.
Табиғи өрттерді сөндіруге Облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері, ерікті өртке қарсы құралымдар, өрт сөндіру бекеттері, орман шаруашылығы мекемелері және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер тартылады. Табиғи өрттер мен жануларды жою жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.
Табиғи өрттердің аса бейім аудандары Ұлытау (19 жану), Ақтоғай (16 жану), Осакаров (17 жану) және Абай (9 жану) аудандары болып табылады.

Возврат к списку