2019 жылғы 25 қыркүйекте «Жылыту маусымына дайындық» тақырыптағы брифингте Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Б.Т. Кәрімовтың сөйлеген сөзі

26.09.2019
Өрттің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында Қарағанды облысының ТЖД халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Қарағанды облысының аумағында ағымдағы жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйегіне дейін өткен өрт қауіпсіздігі айлығы кезеңінде қажетті әлеуметтік көмекті анықтау үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне комиссиялық бару ұйымдастырылды.
Айлық барысында 8 мыңнан астам аралау жүргізілді, оның барысында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 27 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді. 33,5 мың үгіт материалдары таратылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде айлық барысында 166 тұншықтырғыш газ датчигі орнатылды. Екі елді мекенде 9 үйде түтін мұржалары тазартылып, екі елді мекеннің 2 үйінде жылу және электрмен қамтамасыз ету жүйелері жөнделді.
2018 жылдың жылыту кезеңінің басынан бері көп балалы отбасылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер үйлерінде 970 түтін датчигі мен тұншықтырғыш газ датчигі орнатылды. Сонымен қатар, оқу жылының басында облыстың оқу орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалармен және жасөспірімдермен сабақтар өткізу бойынша жұмыстар жандандырылды.
1 қыркүйекте - Білім күні оқушылармен өткізілетін сынып сағаттарында ТЖД инспекторлық құрамы әр түрлі жастағы балалармен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау және өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы әңгіме өткізді. Ақпаратты ең жақсы жеткізу үшін әңгіме слайдтар мен оқыту бейнероликтерімен сүйемелденді. Оқушылар мен ата-аналарды алдын алу жұмыстарымен барынша қамту мақсатында азаматтық қорғау қызметкерлері Білім күні облыстың оқу орындарында өткен жалпы мектептік линейкалар барысында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1 қыркүйекте облыстың 65 оқу орнында 20 мыңнан астам оқушыны қамтумен профилактикалық іс-шаралар өтті.
Сонымен қатар, ірі сауда объектілерінде адамдар көп жиналатын қоғамдық қабылдау түрінде тұрғындар арасында үгіт-насихат-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді. Алдын алу шаралары барысында 25 мыңнан астам үгіт материалдары таратылды. Облыстың оқу орындарында балалармен алдын алу жұмыстарын ТЖД инспекторлық құрамы оқытушылармен бірлесе отырып, оқу жылы бойы тұрақты негізде жүргізеді.

Возврат к списку