2020 жылғы 6 наурызда Қарағанды облысының ТЖД су тасқынына дайындық бойынша баспасөз-конференциясы өтті

06.03.2020
2020 жылғы 6 наурызда Қарағанды облысының ТЖД су тасқынына дайындық бойынша баспасөз конференциясы өткізілді. Спикер болып Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының басшысы Муслим Аққожин және «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының бас инженері Ерлан Нұрбаев сөз сөйледі.
Қарағанды облысында осы жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық өткен жылдың жазғы айларында басталған. 
Осы кезеңде 40 елді мекен  аумағында (Жаңаарқа, Абай, Осакаров, Шет, Бұқар жырау, Ұлытау, Қарқаралы аудандары, Саран, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қаласы) 20 км қорғаныс дуалдары тұрғызылды, 27 км қорғаныс бөгеттері мен дуалдары нығайтылды, ұзындығы 11 км жағалауды бекіту, өзен арналарын тазалау жүргізілді, шамамен 12 км дренаждық және су бұру арналары салынды және жөнделді.
Жалпы, 2015-2019 жылдар аралығында облыста 190 км қорғаныс дуалдары тұрғызылды және нығайтылды, 140 елді мекенде 62 км өзен арналарына инженерлік іс-шаралар орындалды.
Сондай-ақ, барлық маңызы бар автомобиль жолдары учаскелерінде бірқатар жұмыстар жүргізілді. 2018-2019 жылдары кезеңінде автомобиль жолдарында 13 көпір жөнделді және 70 учаскеде су өткізу құрылыстары орнатылды. 
Ағымдағы жылы су тасқынына қарсы жұмыстар халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші субъектілерді тасқын судан қорғау бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың күштері елді мекендерден қар шығаруға бағытталған. Барлығы 1 млн. 800 мың м3 астам қар шығарылды .
Негізгі су қоймаларынан су ағызу жалғасуда.
 Су тасқыны басталғанға дейін су қоймаларының көлемін ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жоспарлануда.
Дайындықты бағалау мақсатында су тасқыны қаупі бар аймақтарға жедел топтардың шығулары жүргізілуде.
Жергілікті атқарушы органдар, жол қызметтері, ҚТЖ бөлімшелері су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазалау бойынша іс-шараларды бастады. Автомобиль жолдары учаскелерінде барлығы 1578 бірлік, темір жолдарда 315 бірлік су өткізгіш құбырлар тазартылды.
Су тасқыны кезеңіне дейін су тасқыны қаупі ықтимал елді мекендердің тұрғындарымен жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар рейдтер, жиындар барысында өткізілді. Су басу қаупі туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша жадынамалар таратылды.
Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметкерлері азаматтық қорғау органдарымен бірлесе отырып, су тасқыны құбылыстарына ұшыраған аумақтарда тұратын 9000 адамды қамти отырып, халықпен 110 астам жиын өткізді. Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер бойынша халыққа 5000 жадынама таратылды.
Қалалар мен аудандарда халықты эвакуациялау жағдайына білім беру, мәдени - ойын-сауық объектілері мен қонақ үйлер базасында халықты жылыту және уақытша орналастыру 231 пункті анықталды.
Облыс бойынша авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаудың аумақтық жүйесі құралымдарының 5697 адам мен 1910 бірлік техника санымен күштері мен құралдарының есептері нақтыланды.

Возврат к списку