2018 жылғы 22 мамырда Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары М.К. Қатпановтың «Суда шомылу маусымындағы кауіпсіздік" тақырыбында брифингте сөйлеген сөзі

23.05.2018
Қарағанды облысыныда әкімдікке жататын 6 калалық және 67 жеке жағажайлар бар.
ТЖД Жедел-кұткару жасағының бөлімшелерімен 7 су коймалары бакыланады: Федоровка, Самарканд, Шерубай-Нура, Кеңгір су коймалары, Балқаш және Алакөл көлдері, Қарағанды қ. Орталық мәдениет және демалыс саябағы.
Жыл басынан облыстың су коймаларында азаматтарды тиімді қорғау максатында, ТЖ департаменті мен оның бөлімшелері халыкпен, балықшылармен және оқушылармен 5523 әңгімелесу мен дәрістер, 1888 акватория бойын патрульдеу, ІІД ЖПК бөліммшелерімен 307 рейд өткізіліп, Бұқаралық ақпарат кұралдарында 80 мақала жарыққа шықты, сонымен катар теле және радиоэфирлерде 329 сөз сөйлеулер ұйымдастырылды.
Жүзуге 1826 бала оқытылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адам өлімін болдырмау максатында Қарағанды облысының су коймаларында шомьшу маусымы кезеңінде Қарағанды облысы әкімінің «2018 жылғы шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» қаулысы әзірленген. Облыстың су қоймаларында халықтың  өлімін азайтуга бағытталған шаралар кешенін, сонымен қатар үгіт-насихат жумыстарын, бірлескен рейдтерді, акцияларды жүргізу, құтқару  бөлімшелерімен жерілікті тұрғындар қатарынан дайындалған қоғамдық құтқарушыларды тарту жұмыстары, сондай-ақ басқа да бірқатар шаралар карастырылған.
2018 жылғы 18 мамырда Қарағанды облысы әкімінің төрағалығымен «2018 жылғы шомылу маусымы кезеңінде облыстың су қоймаларында адам қазасын болдырмау шаралары туралы» мәселесі қарастырлған Төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша облыстық комиссиясының отырысы өтті.
Білім басқармасымен бірлесіп, мектептерде балалардың шомылу кезіндегі ic- әрекеті, батып жатқан адамды кұткару кезінде көмек көрсету және алғашқы медициналық көмек керсету туралы сабақтар өткізілуде.
Жазгы демалыс және жазғы сауықтыру лагерлерінің ашылуы карсаңында Апаттар медицинасы орталығын тарту аркылы жазғы сауықтыру және демалыс мекемелерінің жұмыскерлерін өрт кауіпсіздігі, суда адамдарды қорғау ережелері, суға бату, күю, сыну, жәндіктердің шағуы және т.б. туралы дәргерге дейінгі көмек көрсету кірді.
Сонымен катар «Су коймаларындағы қауіпсіздік» такырыбында 94 орта мектептің окушыларымен интерактивті сабак өткізді.
Шомылу маусымының қayiпсіз өтyi үшін автомобильді техника, жүзу құралдары, cүңгуір жабдықтар, кұтқару құралдары дайындалды.
2017 жылғы шомьшу маусымында 12 адам суға кеткен, оның ішінде 9 бала бар. 75% адам өлімі 4-тен 16 жасқа дейінгі жастағы балалар мен жасөспірімдерге келеді (9 жағдай), 30-дан 50 жасқа дейінгі жастағы адамдар 25% кұрайды.
2016 жылғы шомылу маусымымен салыстырғанда 25% суға баткандар санының өcyi және батқан балалар санының 33%-ға ұлғайғандығы байқалады.
Халықтың суда қаза табуының негізгі себептері азаматтардың бақыланбайтын су қоймаларында демалуы, рұқсат етілмеген және жабдықталмаған орындарда  шомылуы,  суда қауіпсіздік ережелерінің  сақталмауы, балаларды ересектердің қарауынсыз су бойында қалдыру болып табылады.  
Су қоймаларында  демалыс орындарында  суда қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптарын ұстану қажет. Рұқсат етілмейді:
    Мас күйінде және есірткі қолданып суда шомылуға;
    Қайықтардан, кемелерден, айлақтар, сонымен қатар осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан секіруге;
    Тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда жүзуге;
    Су қоймаларын ластауға, кірлетуге болмайды;
    Демалушыларға жарақат әкелетін қоқыстарды жағалауда қалдыруға;
    Техникалық және ескерту белгілеріне шығуға;
    Балаларға ересектердің бақылауымен ғана суға кіруге.

Возврат к списку